Қазақстандық дзюдошы жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Шерзод Давлатов Италияның Ольбия қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, алматылық Ш.Давлатов 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Камолиддин Бахтиёровпен татамиге шықты.

Шерзод қарсыласын иппонмен таза жеңді.

Ш.Давлатов ширек финалдық белдесуде грузиялық Георгий Сардалашвилиге жол берген еді. Дегенмен сосын жұбаныш бәсекесінде ресейлік Абу-Муслим Парчиевтен айласын асырды.

Жастар арасында әлем біріншілігі 10 қазанға дейін созылады.


Соңғы жаңалықтар