Қазақстандық дзюдошы Ташкентте чемпион атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Ташкентте өткен дзюдодан Гран-при кезеңінде чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz  сайтына сілтеме жасап.

Әлемдік Гран-придің екінші күні Жансай Смағұлов Ауғанстан спортшысы Ришад Ариармудты жеңіп жартылай финалға өтті. Өзбек спортшысы Мирзохид Фармановты ұтқан ол ақтық сында жергілікті дзюдошы Гиесжан Бобоевтан басым түсіп алтын медальға ие болды.

Еске сала кетсек, Ташкентте дзюдодан Гран-при 6-8 қазан аралығында өтуде. Осы кезеңде Өзбекстан астанасына әлемнің 27 елінен 183 спортшы жиналды.

Соңғы жаңалықтар