Қазақстандық дзюдошы Қанат Нұркелді халықаралық жарыста күміс жүлдегері атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Қанат Нұркелді Беларусьта өтіп жатқан ТМД елдері ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл екінші мәрте туын желбіреткен ТМД елдері ойындарында ол 60 келіде ел намысын қорғады. Ел құрамасы қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Финалда қазақстандық балуан ресейлік қарсыласына есе жіберді. Одан бұрын ресейлік және өзбекстандық қарсыластарынан басым түсті.

Аталған жарыс 7 тамызға дейін жалғасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын дзюдошы Асқар Нарқұлов Жазғы универсиада ел қоржынына қола медаль салды.

Ол 73 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Қырғызстан өкілі Шыңғысхан Сағыналиевті жеңді.


Соңғы жаңалықтар