Қазақстандық дзюдошы Азия чемпионатының жүлдегері атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ислам Бозбаев дзюдодан Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, И.Бозбаев 90 келіге дейінгі салмақта жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Ислам бастапқы белдесуінде тайпейлік Фонг Чун Ченді уақытынан бұрын жеңсе, ширек финалда қырғызстандық Ерлан Шеровты вазари ұпайымен ұтты.

Жартылай финалда тәжік балуаны Камроншах Истопирионға есе жіберген соң, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Жұбаныш финалында әлем чемпионатының қола жүлдегері, оңтүстіккореялық Гвак Дон Ханды оңай ұтып, Қазақстан қоржынына қола жүлдені салды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Азия чемпионатының алғашқы күнінде медальдар саны бойынша көш бастағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар