Қазақстандық домбырашылар xалықаралық фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың қасиетті домбырасын арқалап, халықаралық музыка байқауларында өнер көрсетіп жүрген «Бастау» тобы кезекті жүлдесіне қол жеткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне топтың продюсері Алпамыс Шәрімов айтып берді.

Шәрімовтың айтуынша, «Бастау» тобы Израилдың астанасы Иерусалим қаласында өткен International Festival-Contest «Music of World» - «Әлем музыкасы» xалықаралық фестивальде өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алған.

Аталған фестивальге дүниежүзінен 80-нен астам музыканттар қатысып, бақтарын сынаған. Олардың өнеріне xалықаралық деңгейдегі қазылар төрелік еткен.

«Мен «Бастау» тобының өнерін осымен екінші рет тамашалап отырмын. Бұл жолы Иерусалимде көрдім. Кез келген ұлттық өнер жалпы әлем мәдениетінің өркендеуіне өзінің үлесін қосады. Оның шекарасы мен шегі жоқ. Осы ретте, қазақ домбырашылары ұлттық өнерін әлемге әдемі қылып көрсетіп жүр», - дейді атақты музыкант Михаил Казиник.
null 

Сондай-ақ, «Бастау» домбырашылар тобы 8 мамыр күні Түркияда BRIDGE TV арнасының арнайы марапатына ие болған болатын.

Айта кетейік, «Бастау» тобы 2017 жылы құрылып, әнші Димаш Құдайбергеннің Астана қаласында өткен «Бастау» концертінде тұсауы кесілген еді.

null


Соңғы жаңалықтар