Қазақстандық дизайнерлер өз коллекцияларын Mercedes-Benz Fashion Week Russia апталығында көрсетеді
2016 жылғы 24 ақпан 17:27

Қазақстандық дизайнерлер өз коллекцияларын Mercedes-Benz Fashion Week Russia апталығында көрсетеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық дизайнерлер өз коллекцияларын Mercedes-Benz Fashion Week Russia апталығында көрсетеді. Көрсетілім екіжақты серіктестік аясында 11 наурызда ұйымдастырылмақ.

Ресейлік тұтынушы назарына белгілі қазақстандық дизайнер Alex Chzhen, Chaude by Khafiz-Khan, Tamara Lamanukaeva, StudioK, Samidel өз туныдыларын ұсынады.

«Kazakhstan Fashion Week көп жылдан бері MBFWeek Russia апталығымен серіктес боп келеді. Бүгінде бұл достықтың арнасы ашылып жаңа деңгейге шыққаны көңілге қуаныш ұялатады. Біздің көрсетеріміз көп», - деді Kazakhstan Fashion Week арт-директоры Алексей Чжен.

Қазақстандық дизайнерлер Ресей нарығына бірінші рет шығып тұрған жоқ. Осыдан бірнеше жыл бұрын Kamila Kurbani мен Kuralaiдың киімдері көрсетілген.

Айта кету керек, Mercedes-Benz Fashion Week Russia аясында ең үздік 70 дизайнердің жұмысы көрсетіледі. Әдетте, сән көрсетілімдеріне 50 мыңнан астам адам жиналады.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT