Қазақстандық дизайнерлер өз коллекцияларын Еуропада көпшілік назарына ұсынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық дизайнерлер өз коллекцияларын Париж бен Миланда көрсетеді.

Әзірге сән апталығына кім баратыны белгісіз. Ертең Алматыда өтетін Mercedes-Benz Fashion Week апталығынан соң олардың есімдері белгілі болады.

«Серіктестерімізбен келісімдерге сәйкес Сән апталығына қатысып жатқан 2 немесе 4 сәнгер Париж бен Миланға баратын болды.

Іріктеу MBFW-тен кейін болады. Кімнің коллециясы үздік болатынын сарапшылар алқасы таңдайды», - деді MBFW бас директоры Жанель Бертаева.

Айта кету керек, ертең өтетін көрсетілімге 15 үлкен подиум, 3 кіші подиум дизайнері қатысады.

Қатысушылардың арасында Ресей, Өзбекстан, Украина, Ұлыбритания дизайнерлері бар.

Отандық кәсіпкерлердің ішінде Айгүл Қасымова, Elenareva, Ilati, Alima, 2Happy, Eliz, Anthena, Mod.S, Zherebtsob, Lali, Judi Ai, Mandarin Narbayeva, Ma Ya, Kamila Moor, Bru, Kiik сынды дизайнерлер бар.

Соңғы жаңалықтар