Қазақстандық дизайнерлер онлайн-дүкен ашпақ (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық дизайнерлер lenazh.kz онлайн-дүкен ашпақ. Онлайн-сауда олардың коллекцияларының тез таралуына жол апшақ. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Mersedes-Benz Fashion Week Almaty жоғары сән апталығының бас директоры Жанель Бертаева айтты.

Онлайн-дүкенде қазақстандық дизайнерлердің киімдерін арзан бағаға табуға болады. Жоба биыл желтоқсанда іске қосылады. Жанар Бертаева қарашаның 6-8 аралығында Mersedes-Benz Fashion Week Almaty сән апталығы өтетінін еске түсірді. Сән апталығы Almaty Towers ғимаратында өтеді. Биылғы маусымда Леонид Жеребцов, Динара Нурлан, Мадина Нарбаева, Алима және басқа сәнгерлердің киім үлгісі көрсетілетін болады. Биылғы MBFA-да Сәкен Жақсыбаев Z15 жастарға арналған сән үлгісін көрсетеді. Сондай-ақ, подиумға Еуропа мен Азияны бағындырған қазақстандық модель Алена Суботина шығады.

Соңғы жаңалықтар