Қазақстандық дирижер Фуат Мансұров өмірден озды

None
None
АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат - Сенбіге қараған түні танымал дирижер Фуат Мансұров өмірден озды, деп хабарлады РИА «Новости» агенттігіне Үлкен театрдағы дереккөзінен.

«Сенбіге қараған түнде Фуат Шәкірұлы Мансұров дүниеден өтті, ол ұзақ жылдар бойы Үлкен театрдың дирижері болды», деді дереккөзі.

Ф.Мансұров Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстанның, Ресейдің және Татарстанның халық әртісі. Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы мемлекеттік консерваториясын және Мәскеу мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын бітірген. 50-ші жылдарда еліміздің түрлі оркестрлеріне дирижерлік еткен ол Қазақстанның мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің дербес шығармашылық ұжым ретінде қалыптасу кезеңінде аса маңызды рөл атқарды. Қазақ академиялық опера және балет театрының бас дирижері болып, П.Чайковскийдің «Евгений Онегин», М.Төлебаевтың «Біржан - Сара», А.Жұбанов пен С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», т.б. опералық спектакльдерге жетекшілік етті. Содан кейінгі жылдары Мәскеу мемлекеттік консерваториясының оқытушысы, профессоры, университет оркестрінің бас дирижері қызметтерін атқарды. 1966 жылдан Мемлекеттік академиялық Үлкен театрдың дирижері болатын. «Достық», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар