Қазақстандық дипломаттар Бакудегі Жауынгерлік даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Әзербайжандағы дипломатиялық корпусы, ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери атташесінің аппараты Бакудың Нариманов ауданындағы Жауынгерлік даңқ мемориалына Жеңіс күніе орай жыл сайын өтетін мерекелік шараға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік шараға Әзербайжан Парламентінің депутаттары, Қорғаныс министрлігінің өкілдері, ӘР-дағы ТМД елдерінің дипломатиялық миссияларының басшылары мен қызметкерлері, әскери атташелері қатысты. ТМД-ға қатысушы елдер Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан атынан сөз сөйлеген Қазақстан Елшісі Бейбіт Исабаев шараға қатысушыларды Жеңіс күнімен құттықтап, майданда және тылда фашизммен күресте батырлық пен ерлік көрсеткен ардагерлерге ризашылығын білдірді.

«Бұл күні біз майданда және тылда фашизммен күресте батырлықпен ерлік көрсетіп, ортақ жеңісті алып берген жауынгерлердің есімдерін еске алып, ардагерлерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең қасіретті парақтардың біріне айналды. Жүзден астам ұлтпен ұлыс соғысқа қатысты. Сондықтан да сол соғыс және ол жайындағы естеліктер - біздің елдеріміздің ортақ тарихының бөлшегі. Біз аға буынның ерлігін еш уақытта ұмытпаймыз», - деді Бейбіт Исабаев.

Сонымен қатар Қазақстан Елшісі бейбітшілік жолында миллиондаған адамның өмірін жалмаған сол бір зұлмат соғыстың жеңімпаздарының ұрпақтары екендігімізді мақтан тұтатынымызды баса айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар