Қазақстандық дипломат «Oslo Triathlon» жарысына қатысты

None
None
ОСЛО. ҚазАқпарат - Норвегиядағы Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Талғат Жұмағұлов «Oslo Triathlon» дәстүрлі жарысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл бұл сайысқа 1,5 мыңға жуық адам қатысты. Норвегия астанасының солтүстігіндегі Сонгсван көлінің аумағында болған жарыста Норвегиядағы Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Талғат Жұмағұлов та бақ сынады.

«Қазір Ослода ауа райы салқын болғанымен, көлдің суы жылы болды», - деді дипломат.

Аты айтып тұрғандай, «Oslo Triathlon» жарысы 1500 метрге жүзу, 40 шақырымдық веложарыс, 10 шақырымға жүгіру сайыстарын біріктіретін дәстүрлі олимпиадалық кезеңнен, 750 метрге жүгіру, 23 шақырымдық веложарыс, 5 шақырымға жүгіру «спринтінен» және 400 метрге жүзу, 10 шақырымдық веложарыс және 2,5 шақырымға жүгіру «суперспринтінен» тұрды. Сондай-ақ, эстафета мен балаларға арналған арнайы триатлон сайысы да ұйымдастырылды.

«Oslo Triathlon» норвегиялық триатлондағы ең көне турнир саналады.

Соңғы жаңалықтар