Қазақстандық депутаттар Түркиядағы референдумды бақылайтын болады

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Сенатор Манап Көбенов пен Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан ТүрікПа халықаралық байқаушылар миссиясының құрамында Түркияда конституциялық өзгерістерге байланысты өтетін жалпыхалықтық референдумды қысқамерзімді бақылауға кірісті. Референдум Түркияда 2017 жылдың 16 сәуірінде өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Әзербайжандағы меншікті тілшісі.

Миссия құрамына сондай-ақ Әзербайжан мен Қырғызстан парламентінің депутаттары да кірді. Байқаушылар Түркия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Саади Гювенмен кездесті.

Гювеннің сөзінше, Түркияда жалпы алғанда дауыс беруге құқығы бар 55 миллион, шетелде 3 миллион Түркия азаматтары бар.

Ол сөзінде референдумда дауыс беретін азаматтар саны 80 пайыздан кем болмайтындығын айтты.

ТүрікПА делегациясы парламенттік фракция мен билеуші Әділет және даму партиясы мен негізгі оппозициялық Республикалық халықтық партия жетекшілерімен кездесті.

Соңғы жаңалықтар