Қазақстандық делегация Ыстамбұлда Түркі Кеңесінің туризм бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің өкілдері Ыстамбұлдағы Түркі Кеңесінің Бас хатшылығы штаб-пәтерінде туризм бойынша жұмыс тобының жиынына қатысты.

Басқосу аясында Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер өкілдері "Жібек жолы" туристік бағытын құру, мемлекеттік қызметкерлердің туризм саласындағы білімін арттыру, 2014 жылы "Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары" туристік фестивалін ұйымдастыру, Түркі Кеңесі мемлекеттерінің мәдени мұрасын насихаттау тәрізді мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар түркітілдес мемлекеттердің туроператорлары мен турагенттіктерінің өзара ыңтымақтастығын жандандыру қажеттілігі баса айтылды.

Кездесу барысында қазақстандық өкілдер қатысушыларды Қазақстанның туристік әлеуеті, сондай-ақ Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" көрмесіне еліміздің дайындығы жөнінде хабардар етті.

Тараптар туризм саласында бірлескен жобаларды өткізу, Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттердің турагенттіктері мен туроператорларының ыңтымақтастығын нығайту және дамыту туралы келісім жасасты.

Соңғы жаңалықтар