Қазақстандық делегация Токиода ғарышты игеру жөніндегі форумға қатысуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі (ҚАҒӨ) вице-министрі Марат Нұрғожин бастаған министрлік делегациясы Токиода өтіп жатқан ғарышты игеру жөніндегі екінші халықаралық форум ISEF (International Space Exploration Forum) жұмысына қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық делегация форумның ресми ашылу рәсіміне қатысты.
Форум аясында құрамына «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ вице-президенті ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов, «Ғалам» СП бас директоры Айберген Русланұлы кірген ҚАҒӨ делегациясы Ресей, Украина, БАӘ сияқты елдердің ғарыш ведомстволарының өкілдерімен кездесті.
Делегация басшысы Марат Нұрғожинның айтуынша, қазақстандық мамандар «Ғарыш зерттеулері саласындағы жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру» сессиясының жұмысына қатысады. Онда ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрінің Қазғарыштың бүгінгі жетістіктері мен Қазақстанда ғарыш қызметін жетілдіру перспективаларына арналған баяндамасы ұсынылады.
Сондай-ақ, қазақстандық делегация Жапонияның Аэроғарыштық зерттеулер агенттігі орталығында болады.
- Франция өкілі Қазақстандағы діни сенім бостандығын жоғары бағалады
- Мемлекет басшысы Португалияның қайта сайланған Президентін құттықтады
- «Орталық Азия» халықаралық сауда орталығы тезірек салынуы керек - Тоқаев
- ҚР СІМ басшысы Украина Елшісін қабылдады
-
Мұхтар Тілеуберді Түркия Елшісімен екіжақты серіктестік мәселелерін талқылады
-
Ядролық қаруға тыйым салатын шарт: Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы мәлімдеме жасады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам