Қазақстандық делегация ШЫҰ Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысына қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –20-23 тамызда Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымында (ШЫҰ) ресейлік төрағалығы шеңберінде ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің бірінші отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Іс-шараға ШЫҰ мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Ерлан Әлімбаев қатысты.
Отырыста Ресейдің ШЫҰ-дағы төрағалығының басымдықтары, мүше-мемлекеттер басшыларының бастамаларын іске асыру барысы, ү.ж. 31 қазан - 1 қарашада Ташкент қаласында өтетін Ұйым елдері Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына, сондай-ақ басқа да жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық жұмыстары талқыланды.
Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхай ұйымы шеңберіндегі бастамаларын ілгерілету бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.
Іс-шара аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Ұлттық үйлестірушілері және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тұрақты өкілдерінің бейресми консультациялары өтті. Қатысушылар екі ұйым арасында ықпалдасудың ықтимал жолдарын дамыту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.
- Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы атап өтілді
- Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
- Бухарестте Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған отырыс өтті
- Отбасылардың қайта қосылуы: Қазақстан мен Қытай консультация өткізді
-
Жаңа Зеландияда Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды
-
Қазақстан Елшісі Моңғолияның премьер-министрімен кездесу өткізді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам