Қазақстандық делегация Эстонияның электрондық үкіметімен танысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның цифрландыруға жауапты мемлекеттік қызметкерлері Эстонияның тәжірибесін меңгеріп қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«8-12 қазан аралығында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабпен бірге Эстонияның Таллин қаласына Үкіметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша үздік халықаралық тәжірибемен бөлісу мақсатында оқу сапарын ұйымдастырды», - делінген хабарламада.

Делегация құрамына Президент Әкімшілігінің қызметкерлері, Премьер-Министрдің кеңсесі, вице-министрлер мен цифрландыруға жауапты орынбасарлар кірді.
Тренинг Электронды үкімет академиясының (eGA) негізінде өткізілді.
Делегация Эстония электрондық үкіметімен, яғни электрондық үкімет сәулетімен, X-road-тың негізгі компоненттерімен, сандық сәйкестендіруден, электрондық үкімет кабинетімен, электронды салықпен, электронды полициямен, Индустрия 4.0, электронды денсаулық жобаларымен танысты.
Сонымен қатар, делегаттар Эстония үкіметіне және Парламентіне, қалалық әкімшілігіне, прокуратураға, сыртқы істер, экономика және инфрақұрылым, денсаулық сақтау, қаржы және әлеуметтік қамтамасыз ету министрліктерінде болды.

Қатысушылар жергілікті қалдықтарды қайта өңдеу зауытын аралап шықты.

Соңғы жаңалықтар