Қазақстандық делегация Африка одағының 26-шы Ассамблеясына қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27-31 қаңтар арасында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевтың басшылығымен қазақстандық делегация Эфиопияның астанасы Аддис Абеба қаласында өткен Африка одағының (АО) 26-шы ассамблеясына бақылаушы мемлекет ретінде қатысты. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады

«Аталған іс-шара АО-ның «Африканың 2063 - Күн тәртібі» бағдарламалық құжаттының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Африканың дамуына арналды. Құрлықтың экономикалық және инвестициялық даму саласындағы, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам құқықтарын қорғау және көші-қон саясатының жүргізу мәселелері талқыланды. Гендерлік теңдік мәселелеріне ерекше назар аударылып, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту 2015 жылы бойынша қызметінің нәтижелері атап өтілді», делінген хабарламада.

АО саммитінің шеңберінде Қазақстанның тарапы БҰҰ ДБ-мен бірлесіп «Африкада тұрақты даму мақсаттын жүзеге асыру үшін Оңтүстік - Оңтүстік бағытта ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында арнайы іс-шара өткізді. Оған Африка мемлекеттердің сыртқы істер министрліктерінің және халықаралық ұйымдарының басшылары қатысты.

Өз сөзінде Е. Ашықбаев Қазақстанның жетістіктері, Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) өз үлесін және Оңтүстік - Оңтүстік бағытта жаһандық бастаманы ілгерілету туралы қатысушыларды хабардар етті. Сонымен бірге, ОДМ іске асыру аясында «Қазақстан-2050» стратегиясы мен «2063-Африка» Күн тәртібінің мақсаттарының ұқсастығы туралы баса айтылды. Институционалдық дамыту бағытында белгіленген көмек көрсететін, БҰҰ ДБ-мен бірге іске асырылып жатқан «Африка елдерінің Сыртқы істер министрлігінің әлеуеті дамуына көмектесу» жобасы қатысушылардың назарына хабардар етілді.

Арнайы іс-шараның барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары, 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ілгерілету және «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу туралы хабардар етілді. Қазақстанның кандидатурасын қолдау пайдасына және көрмеге қатысу мәселелерді растауды жеделдетуге барлық негіздейтін дәлелдер берілді.

Aфрика одағы саммитінің аясында қазақстандық делегацияның басшысы AО комиссиясының төрайымы Нкосазана Дламини-Зумамен және Алжир, Ботсвана, Бенин, Гана, Гамбия, Гвинея, Либерия, Намибия, Нигерия, Малави, Камерун, Кабо-Верде, Қамарлар, Свазиленд, Сейшел аралдар, Сенегал, Сьерра-Леоне, Экваториалдық Гвинея, Эфиопия және Оңтүстік Судан елдерінің сыртқы саяси мекемелерінің басшыларымен кездесу барысында ынтымақтастықты одан әрі нығайту және халықаралық форумдар аясында көптеген ірі бастамалар бойынша өзара қолдау мәселелері туралы пікір алмасты.

Африканың сыртқы саяси мекемелерінің басшыларымен кездесулер барысында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың екіжақты және көпжақты байланыстарды арттыру үшін ұсыныстары туралы хаттар, «ЭКСПО-2017», сондай-ақ Ислам Ынтымақтастық Ұйымның Азық-түлік Қауіпсіздік жөнінде Бас Ассамблеясына ҚР Президентінің және ҚР Премьер-Министрінің атынан шақыру хаттарының көшірмелері тапсырылды.
3 2

Соңғы жаңалықтар