Қазақстандық дәрігерлер Эбола вирусымен қалай күресу керектігін пысықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық дәрігерлер Алматыда Қазақ медициналық үздіксіз білім беру унивеситетінің базасында Эбола вирусымен қалай күресу керектігін пысықтады.

Жетекші инфекционистер мен ғалымдар медициналық ЖОО оқытушыларын Эбола вирусымен шақырылған аурулардың клиникалық ерекшеліктерімен, биологиялық қауіпсіздік қағидаттарымен, аурудың зертханалық диагностикасымен, сонымен қатар оны емдеу тәсілдерімен таныстырды. Аталған семинарға Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Семей және Алматы қалаларынан 40-тан аса ЖОО оқытушылары қатысты.

Тренингтен өткен медициналық ЖОО оқытушылары бұдан әрі қарай практикалық денсаулық сақтау кадрларын оқытатын болады.

«Эбола вирусы Қазақстанда тіркелген жоқ, алайда мамандар өлімге әкелетін вирустың Қазақстан аумағына ену мүмкіндігін жоққа шығармайды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Батыс Африкада Эбола вирусынан қайтыс болғандардың саны бес мыңнан артып отыр. Біздің азаматтарымыздың аса белсенді мобильділігі қауіпті инфекцияның Қазақстанға енуіне қарсы бола алатын әлеуетті ортаны құрып отыр. Әр аймақтан келген оқытушылар, инфекционистер, госпиталдық эпидемиологтар тек Эбола вирусымен шақырылған аурулардың қатері туралы ғана емес, осы инфекциялық ауру кезіндегі жеке қорғаныс құралдары туралы білді», - деді Қазақ медициналық үздіксіз білім беру унивеситетінің баспасөз хатшысы Зәмзәгүл Ткишева.

Соңғы жаңалықтар