Қазақстандық дәрігерлер анасынан коронавирус жұқтырып туған 21 сәбиді емдеп жазды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың айтуынша, 21 сәбидің бәрі де сауығып, ауруханадан шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия кезінде бүкіл республика бойынша 1085 жүкті әйел коронавирус жұқтырып алды. Оның 167-сі сәбиін дүниеге сау күйінде әкелді. Ал анасынан коронавирус жұқтырып, өмірге келген сәбилердің саны 21 болды. Олардың бәрі жазылып, ауруханадан шығарылды», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек Людмила Бюрабекова бұған дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарды емдеу хаттамасына жаңа схема енгізілгенін мәлім еткен еді.


Соңғы жаңалықтар