+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Қазақстандық букмекерлер «Ойын бизнесі туралы» заңның өзгерістеріне қарсы шықты

2019 жылғы 16 қазан 18:15
Бөлісіңіз:
Қазақстандық букмекерлер «Ойын бизнесі туралы» заңның өзгерістеріне қарсы шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық букмекерлер баспасөз мәслихатын өткізіп, «Ойын бизнесі туралы» заңға енгізілгелі отырған өзгерістерге қарсы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бокстан Азия чемпионатының жартылай финалында 15 қазақстандық өнер көрсетеді Түркістанда ұлттық валюта күніне орай теңгелер көрмесі ұйымдастырылды Тауда жоғалған турист қыздың төмен түсіп келе жатқанын көрген адамдар бар

Баспасөз мәслихатында букмекерлер Мәжілісте «Ойын бизнесі туралы» заңға өзгерістер енгізгелі жатқан жұмыс тобының бастамасына алаңдаушылық білдіріп отыр. Заңға енгізілетін өзгерістер букмекерлік кеңселердің кассаларының бәрін де арнайы белгіленген «резервацияға» немесе «құмар ойындар аумағына» көшіруді көздейді. Нақтырақ айтқанда, ол аумақтар - Ақмола облысының Бурабай ауданы мен Қапшағай су қоймасындағы нүкте. Сондай-ақ букмекерлік қызметпен байланысты барлық есепшілік ставкаларды есептеу орталығын құру жоспарланған.

«Негізінде, заң жобасын әзірлеу мәселесін біз көтерген жоқпыз. Тек өз ұсыныстарымызды білдірген едік. Тіпті «Ойын бизнесі туралы» заңның өзі құмар ойындар мен ставкаларды реттейді. Ал букмекерлік ойын - құмар ойын емес, жай ставка. Әлемнің көптеген елінде спорттық «бэкинг» туралы заң бар. Біздің бизнес-ставкаларымыз спорттық іс-шаралар кезінде ғана жасалады. Яғни, біз казино да, құмар ойын автоматтары бөлмесі емеспіз. Біз - бизнестің мүлде басқа түріндеміз. Әрине, жеке заңға сай жүргізуді қалаймыз», - деді Қазақстан букмекерлер қауымдастығының төрағасы Айтуар Мадин баспасөз мәслихатында.

Брифингте сөз сөйлеген букмекерлік кеңестің өкілдері заң жобасын қабылдау жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Олар букмекерлердің 5 мыңға жуық қызметкері жұмыссыз қалатыны, ал Есеп орталығы букмекерлердің клиенттік базасында дербес деректерді жинай алатыны жайлы аргументті алға тартады.

Олардың айтуынша, букмекерлер бюджетке жылына 20 млрд теңге төлеп отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT