Қазақстандық бойжеткен Ташкенттегі сұлулық байқауының жеңімпазы атанды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - 24 жастағы қазақстандық модель Әзиза Тоқашова Ташкентте өткен «Miss Union Fashion-2019» IV Халықаралық байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық модель «Miss Union Fashion-2019» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды», - деп жазды Әзиза Тоқашова Instagram Stories-інде.

Аталмыш байқауға Азия, Африка, Еуропа елдерінің өкілдері қатысты. Әрбір қатысушы өз стилінде елінің мәдениеті мен дәстүрін паш етті. Төрешілер қатысушыларға үш бағыт - сыртқы келбеті, интеллектуалдық қабілеті және ұлттық мәдениетті таныстыру талаптары бойынша баға берді.

Сахнада Қазақстан, Ресей, Беларусь, Израиль, Тәжікстан, Украина және РФ субъектілері Башқұртстан мен Тыва Республикаларынан сұлулар бақ сынасты.
null

Айта кетсек, 24 жастағы Ә.Тоқашова халықаралық байқауға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Осыдан бір жыл бұрын Филиппинде өткен «Miss Intercontinental - 2018» сән байқауында бақ сынаған еді. Оның Өзбекстандағы «Miss Union Fashion-2019» IV Халықаралық байқауында Қазақстан намысын қорғайтынын бұған дейін жазған болатынбыз.

Фото: www.missintercontinental.de/ әлеуметтік желілер

Соңғы жаңалықтар