Қазақстандық Болгариядағы турнирде үздік боксшы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымбек Кенжебаев жаттықтыратын Қазақстанның бокстан жастар құрамасы Болгария астанасында Эмиль Жечевті еске алу турниріне қатысып, үш алтын, бір күміс және үш қола медаль ұтып алды.

Қазақстанның бокс федерациясының хабарлауынша, Саматәлі Толтаев (60), Санатәлі Толтаев (64) пен Ермахан Жақпеков (69) алтын медаль иеленген.
Саматәлі турнирдің үздік боксшысы атанды. 

Оралбай Нұрбек (75) Софияда күміс, Айбек Досанов (52), Нығметолла Молдашев (56) пен Нұрдәулет Ұланұлы (+91) қола жүлдеге қол жеткізді. Боксшыларымыз жиыны жеті жүлдені ұтып алды.

Қазақстанның командасы турнирде бірінші орынға ие болды, екінші орында ресейліктер, үшінші орынға әзербайжандықтар тұрақтады.

 

Соңғы жаңалықтар