Қазақстандық боксшылардың WBC-дегі рейтингі қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ санаты бойынша ай сайынғы рейтингіні жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшылардың аталған рейтингідегі орны:

WBC International титулының иегері – супер ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий 12-орында қалды.

Бірінші ауыр категориядағы Қамшыбек Қоңқабаев 36-дан 34-інші позицияға көтерілді. Серік Мұсаділов рейтингіде 40-ыншы болып тұр.

Екінші орта дивизиондағы Айдос Ербосынұлы мен Әли Ахмедов сәйкесінше 19 және 20-ыншы орынды сақтап қалды.

Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақта 8-інші позицияда қалды.

Бірінші орта санатта 28-інші орында болған Садриддин Ахмедов рангілер жөніндегі табельден шығарылған.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов бір орын төмен сырғып, 22-інші болды. Талғат Шәйкенов те бір позиция жоғалтып, 33-орынға тұрақтады.

Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта дивизионда рейтингінің 25-інші орнында қалды.


Соңғы жаңалықтар