Қазақстандық боксшылардың P4P рейтингінде Жақияновтың орнын Головкин басты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Diamond Ring сайты салмақ дәрежесінен тыс ай сайын Қазақстанның ең үздік 10 боксшысы анықталатын жаңа жобаның қорытындысын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қараша айының ТОП-10 боксшысының көшін ІВО, WBA Super, WBC, IBF әлемдік белдіктеріне ие Геннадий Головкин бастаған. Отандық панчерге 10 респонденттің тоғызы дауыс берген. Қазан айының қорытындысы бойынша үшінші болған WBA Inter-Continental, WBO NABO, WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin титулдарының иегері Қанат Ислам аталған боксшылар рейтингінде екінші орыннан көрініп отыр. Өткен айда көш бастаған жеңіл салмақтағы WBA Super және IBO нұсқасы бойынша чемпион Жанат Жақиянов Қазақстандағы үздік үштікті түйіндеді. Бұдан кейінгі орындардан Бекман Сойлыбаев пен Батыр Жүкембаевты көруге болады.

Еске сала кетсек, қазақстандық боксшылардың бірінші Р4Р рейтингісі өткен айда жасалған болатын. Головкиннің көшбасшылығы сақталатыны немесе сақталмайтыны келесі айдағы рейтингте белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар