Қазақстандық боксшылардың IBO рейтингіндегі позициялары қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық бокс қауымдастығы (IBO) барлық салмақ дәрежелеріндегі боксшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Суперауыр салмақта Жан Кособуцкий 28-ші орыннан 29-шыға түсіп қалса, Руслан Мырсатаев 79-ші орыннан 75-шіге көтерілген.

Бірінші ауыр салмақ дәрежесінде Қамшыбек Құнқабаев 65-ші 61-шге көтерілді, Әли Балоев бір саты жоғары көтеріліп, енді 77-ші орыннан көрінді, Еділ Қожамбердиев 89-шы орында қалды.

Жартылай ауыр салмақта Бек Нұрмағанбет 88-ші орынды сақтап қалған. Екінші орта салмақ дәрежесінде Айдос Ербосынұлы бұрынғыдай 16-шы болып қалса, Нұрзат Сабыров – 42-ші орында қалды, ал Әли Ахмедов екі саты жоғары көтеріліп, 80-ші орында тұр.

Геннадий Головкин чемпиондықты сақтап қалған, ал IBO-ның орта салмақ дәрежесінде Қанат Ислам бұрынғыдай 13-ші орында қалды. Тағы бір қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 18-ші орыннан 17-шіге, Мейірім Нұрсұлтанов 22-ші сатыдан 21-шіге көтерілді, Абай Төлеш 99-шы нөмірмен үздіктер «жүздігіне» кірді.

Бірінші орта салмақта Садриддин Ахмедов бір саты төмен түсіп, 29-шы орыннан көрінді. Жартылай орта салмақ дәрежесінде Данияр Елеусінов бір саты жоғары көтеріліп, енді 21-ші орында тұр, ал Нұрсұлтан Жаңабаев 61-ші орыннан 58-шіге көтерілді, Бобиржан Моминов екі саты жоғары көтеріліп, енді 66-шы болды.

Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақта үздіктер «ондығынан» шығып кетіп, енді 11-ші орында тұр.

Жеңіл салмақта жұдырықтасып жүрген Нұртас Әжбенов 96-шы орыннан 94-шіге көтерілді. Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде Сұлтан Зауырбек төрт саты жоғары көтеріліп, енді 48-ші орында тұр, Станислав Калицкий рейтингке 63-ші нөмірмен енгізілді.

Ең жеңіл салмақта Елшат Нығметолла бұрын 39-шы орында тұрса, енді 42-ші орынға түскен.


Соңғы жаңалықтар