Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы әлем кубогына қатысады

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан 14-19 наурыз аралығында Будвада (Черногория) өтетін «Адриатика інжу-маржаны» («Жемчужина Адриатики») атты бокстан халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) аталған турнирдің маңыздылығын атап өтті. Өйткені, жарыс жастар арасында әлем кубогы мәртебесіне ие. Бәсекеде 2005-2006 жылдары туған ұлдар мен қыздар бағын сынайды. Атап айтқанда, ұлдар 13, ал қыздар 12 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Қазақстаннан бөлек әлем кубогына Куба, Ресей, Бразилия, Түркия және басқа да елдерден спортшылар қатысады. IBA бұл жарысты 23 сәуір мен 4 мамыр аралығында Ереванда (Армения) өтетін Еуропа жастар чемпионатына дайындық кезеңі ретінде қарастырады.


Соңғы жаңалықтар