Қазақстандық боксшылар Токиодағы турнирде қос алтын еншіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшылар Токиода өткен сынақ турнирінде қос алтынды қоржынға салды. Онымен қоса тағы екі күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz-ке сілтеме жасап.

91 кг салмақ санатында Айбек Оралбай финалда бразилиялық боксшыны жеңіп, чемпион атанды. Екінші алтынды 52 кг салмақ санатында Сәкен Бибосынов иеленді.

Қос күмістің бірін – ерлер арасында Санатәлі Төлтаев, екіншісін – әйелдер арасында Римма Волосенко олжалады.

Соңғы жаңалықтар