Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 375.95 EUR 425.80
RUB 5.74 CNY 55.94
Jańalyqtar

Қазақстандық боксшылар Софияда өтетін халықаралық жарысқа қатысады

2019 жылғы 12 ақпан 12:49 767
Бөлісіңіз:
Қазақстандық боксшылар Софияда өтетін халықаралық жарысқа қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы София қаласында өтетін ірі халықаралық жарысқа қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
WBC чемпионы Әли Ахметов салмағын ауыстырмақ Болгариядағы турнир: Абылайхан Жүсіпов «алтынға» таласа алмайтын болды

Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, 14 ақпан күні Болгария астанасында басталатын турнирде елімізден он боксшы рингке шығады. Олардың арасында 2016 жылғы Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит (91 кг), әлем чемпионы Қайрат Ералиев (56 кг), Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг) бар.

Сонымен қатар, Теміртас Жүсіпов (49 кг), Әнуар Мұзаппаров (52 кг), Зәкір Сафиуллин (60 кг), Санатәлі Төлтаев (64 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Ерік Әлжанов (75 кг) және Бек Нұрмағанбет (81 кг) сынға түседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық боксшылар Венгрияда өткен турнирге қатысқан болатын. Онда олар үш алтын, бір-бірден күміс және қола медальға ие болды. Атап айтқанда, Сәкен Бибосынов (52 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Тұрсынбай Құлахмет (75 кг) чемпион атанса, Оразбек Асылқұлов (56 кг) күміс, Сабыржан Бекбергенов (64 кг) қола жүлдемен оралған еді.

 

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT