Қазақстандық боксшылар Сербиядағы жарыста 5 алтын медаль жеңіп алды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербия астанасында Belgrade Winner атты халықаралық жарыс аяқталды. Мырзағали Айтжанов пен Марат Елеусіновтің жетекшілігіндегі қазақстандық боксшылар бес алтын жүлдемен бірінші жалпыкомандалық орынды иеленді. Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметінде атап өтілгендей, біздің еліміздің атынан небәрі бес боксшы қатысты.

49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шыққан Біржан Жақыпов жарыстың ақтық кезеңінде шотландиялық спортшы Акил Ахмедті жеңді. Сұлтан Зауырбек (60 келі) АРВ жарысының қатысушысы, Бразилия боксшысы Робсон Консейсаоға мүмкіндік қалдырған жоқ. Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов (69 келі) Германия боксшысы Аббас Барауды, ал Нұрбол Алтаев (81 келі) - бразилиялық Мичел Боргесті жеңді. 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шыққан Василий Левит Италияның танымал спортшысы, әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс чемпионы Клементе Руссоны жеңді.

Бұған дейін наурыз айында Данияр Елеусінов пен Василий Левит Финляндиядағы Gee Bee жарысында жеңіске қол жеткізді.

null null null null null null

Соңғы жаңалықтар