Қазақстандық боксшылар Олимпиада жолдамасын Иорданияда сарапқа салады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Азия аймақтық іріктеу турнирі Иорданияның Амман қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

Халықаралық Олимпиада комитетінің жұмыс тобы Бокстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына Азия/Океания аймақтық іріктеу турнирі 3-11 наурыз аралығында Амман қаласында өтетіні ресми түрде хабарлады.

«ХОК-тың жұмыс тобы және Қытайдың Олимпиада комитеті 2020 жылдың 3-14 ақпаны аралығында Қытайдың Ухан қаласында өтуі тиіс турнирді аталған аймақта коронавирустың таралуына байланысты кейінге шегерген болатын.

Түрлі нұсқаларды қарастырған жұмыс тобы іріктеу додасына қарқынды дайындалып жатқан спортшыларға ыңғайлы болу үшін Иордания Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өтінімін мақұлдады», - делінген хатта.

«Жұмыс тобы іріктеу турнирін қысқа мерзім ішінде ұйымдастыруға көмектескен баршаңызға алғыс білдіреді», - делінген ресми хабарламада.


Соңғы жаңалықтар