Қазақстандық боксшылар Минскідегі айқас алдында салмақ өлшеуден өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Минскіде (Беларусь) KOld Wars кәсіби бокс сериясының кезекті кеші өтеді. Шаршы алаңға Қазақстанның екі боксшысы шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші ауыр салмақта (90,7 кг-ға дейін) Асхат Жантұрсынов (4-0, 3 КО) Беларусь боксшысы Руслан Родзивичпен (15-29, 14 КО) жекпе-жекке шығады. Бірінші жартылай орта салмақта (63,5 кг-ға дейін) Жандос Қыдырәлиев (1-0, 1 КО) беларусьтік Арсени Кобзевпен (0-1) айқасады.

Кеше боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Оның көрсеткіштері төмендегідей:

Асхат Жантұрсынов — 90,7 кг;

Руслан Родзивич — 84,0 кг;

Жандос Қыдырәлиев — 62,2 кг;

Арсений Кобзев — 60,4 кг.


Соңғы жаңалықтар