Қазақстандық боксшылар Мемлекет басшысының құттықтауына орай видео жариялады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан өткен әлем чемпионатында медаль алған спортшылар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауына орай видео жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы құттықтауында бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашалағанын, қазақ боксшылары жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткенін айтты.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізді алтын медальмен құттықтаймыз. Барлық қазақстандықтарға жанкүйер болғаны үшін алғыс айтамыз. Алға, Қазақстан!»,-деді боксшылар.


Соңғы жаңалықтар