Қазақстандық боксшылар «Канело» залында жаттығуға кірісті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшылар екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварестің Сан-Диего қаласында орналасқан залында жаттығуға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің «Suleimen Promotions» боксшылары Америка Құрама Штаттарындағы Сауль «Канело» Алварестің залында, білікті бапкер Эдди Рейносамен бірге алғашқы жаттығу жұмыстарын бастады», - делінген аталған промоутерлік компанияның Instagram-парақшасында.

«Канело» залында жаттығатын боксшыларымыз арасында Әбілхан Аманқұл, Евгений Павлов, Бек Нұрмағамбетов пен Данила Семенов бар.

Айта кетейік, қазақстандықтар әлемге әйгілі мексикалық боксшымен бұған дейін де бірнеше рет бірлескен дайындық өткізген еді. Сонымен қатар рингке Альварестің спарринг-серіктесі ретінде де шыққан болатын.

Бұған дейін «Suleimen Promotions» компаниясы Сауль Алварестің Қазақстан боксшыларымен тәжірибе бөлісіп жатқан сәтінен видео жариялаған болатын. Сондай-ақ ол барша қазақстандықтарға өз атынан сәлем жолдаған еді.



Соңғы жаңалықтар