Қазақстандық боксшылар халықаралық «Gее Вее» турниріне қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшылар 5-10 наурыз аралығында Хельсинкиде (Финляндия) халықаралық «Gее Вее» турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, аталған дүбірлі додада Қазақстан құрама командасынан 6 боксшы ел намысын қорғамақ.

Атап айтар болсақ, 57 келі салмақта Қайрат Ералиев, 63 келіде Ділмұрат Мижитов, 69 келі салмақта Асланбек Шымбергенов жұдырықтасса, 81 келі салмақта Бек Нұрмағанбет сынға түседі. Ал 91 келі Сағындық Тоғамбай мен аса ауыр салмақта (+91 келіден жоғары) Сапарбай Нұрлан ел намысын қорғайды.

Боксшыларды құраманы бапкерлері Жамил Жүсіпов пен Андрей Спириндонов бастап барады.


Соңғы жаңалықтар