Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 12 медаль алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар 12 медаль иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Біріккен араб әмірліктерінде бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан командасы 12 медальмен марапатталды.

Оның төртеуі – алтын, үшеуі – күміс, бесеу – қола медаль.

Атап айтсақ,

46 келі салмақта Дамир Байпақов,

52 келі салмақта Төрехан Сабырхан,

54 келі салмақта Адай Ниязбай,

57 келід салмақта Бақтияр Анарбаев алтын иеленді.

66 келі салмақта Ислам Советов¸

81 келіде Мохаммед Атиа-Хамед,

81 келіден жоғары салмақта Ердос Шәріпбек күміс медаль алды.

48 келідегі Айдар Қадырханға,

50 келідегі Илья Калининге,

60 келідегі Мадияр Тайпақовқа,

70 келідегі Виктор Литвиновқа,

75 келідегі Дәулет Төлемісовке қола медаль бұйырды.


Соңғы жаңалықтар