Қазақстандық боксшылар Алматыда титулдық жекпе-жек өткізеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан боксшылары 11 желтоқсан күні Алматыда өтетін кеште бірден үш титулды айқас өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокс кешінің ұйымдастырушысы Movida promotions мәліметіне сүйенсек, басты жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақтағы Жанқош Тұраров пен Луис Энрике Ромеро жартылай орта салмақтағы IBO Intercontinental чемпионы атағын сарапқа салады.

Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Ангелина Лукас UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы үшін танзаниялық Лулу Каяджемен кездеседі.

Ал орта салмақтағы Елхан Табынбаев WBC Intercontinental белдігі үшін бразилиялық Матеус да Силвамен жұдырықтасады.

Еркебұлан Тоқтар мен Арман Әшімов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді. Тоқтар ирандық Амир Яранимен кездеседі. Әшімов алты жекпе-жегінде үш жеңіске жеткен тәжірибелі Бухути Татишвилимен рингке шығады. Олардан бөлек, қазақстандық Әлихан Түленбаев, Адлан Селмұрзаев, Шынарбек Батинұлы өнер көрсетеді.

Бокс кеші «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар