+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

Қазақстандық боксшылар Алматыда титулдық жекпе-жек өткізеді

2020 жылғы 5 желтоқсан 11:36
Бөлісіңіз:
Қазақстандық боксшылар Алматыда титулдық жекпе-жек өткізеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –18 желтоқсан күні Алматы қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсететін спортшылар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

BoxRec порталындағы ақпаратқа сәйкес, бокс кешін «MTK Global Kazakhstan» және «TukeshovBoxing Promotions» промоутерлік компаниялары ұйымдастырады.

Айта кетерлігі, қазақстандық боксшылар өзара қолғап түйістіріп, жеңімпаздар «MTKGlobal Kazakhstan» промоутерлік компаниясымен «Golden Contract» келісімшартқа қол қою мүмкіндігін алады.

Сонымен, барлығы 22 жұп шаршы алаңға шығып, екі титулды жекпе-жек өтеді:

- Мирас Ертанов (2-0, 0 КО) — Нұрбол Сұлтанбай (3-0, 1 КО). Бірінші орта салмақта WBC ABC Silver және WBO AsiaPacific титулы сарапқа салынады;

- Әлімжан Тұрсынов (4-0, 3 КО) —Торғынбек Әміров (2-0, 0 КО). Екінші жартылай жеңіл салмақта WBC ABC Silver және WBOAsia Pacific бос титулы сарапқа салынады;

- Қамшыбек Қоңқабаев (1-0,1КО) — Серхий Радченко (7-6,2КО);

- Сұлтан Зәуірбек (9-0, 7КО) — Владислав Мельник (12-2,7КО);

- Рай Сейітжанов (4-0,1КО) — Евгений Вазем (9-12,4КО);

- Талғат Шәйкен (2-0,1КО) — Максим Чурбанов (8-7-1);

- Абай Төлеш (5-1, 3КО) — Бахром Паязов (22-14,15КО);

- Нұрдос Төлебай (3-0, 1 КО) — Мұрат Тұрманбетов (2-0-0);

- Рахат Сейітжан (2-0,2КО) — Ерасыл Ақранбек (1-1-0);

- Қанат Санғи (2-0-0) — Вячеслав Салибаев (0-2-0);

- Берікбай Нұрымбетов (5-2, 1 КО) — Одил Сәттібеков (0-1-0);

- Бектас Қасенай (3-0,1КО) — Айдос Ержанұлы (дебют);

- Бағдат Уайдаев (2-0-0) — Асылжан Серікбай (дебют);

- Ернұр Ақылбек (1-0,1КО) — Әли Ақеділов (дебют);

- Қанағат Манатұлы (1-1,1КО) — Нұрсұлтан Нұрденов (дебют);

- Думан Ізімов (1-0,1КО) — Нұрслан Сабыров (1-1-0);

- Сағындық Молдашев (1-0,1КО) — Абай Қуандықов (дебют);

- Сержан Атыраубай (дебют) — Ержан Сейіт (дебют);

- Даниар Жақсылық (дебют) — Жандыр Сұлтанғалиев (01-0);

- Мирас Жеңісов (1-1-0) — Арман Сайлау (дебют);

- Нұрбол Бердімұратов (1-0-0) — Райымбек Тұкенов (дебют).

18 желтоқсан күні Алматы қаласында кәсіпқой бокс кеші өтетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ кәсіпқой бокс кеші 16 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында да өтеді. Ұйымдастырушы - «SuleimenPromotions» промоутерлік компаниясы.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мұхтар Қалимоллаұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT