Қазақстандық боксшылар әлемдік рейтингте айтарлықтай жоғарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (2-0, 2 КО) беделді BoxRec.com сайтындағы орнын айтарлықтай ілгері жылжытты, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол бірінші раундта-ақ аргентиналық Ариэль Алехандро Сампедриді (9-4, 7 КО) нокаутқа жіберіп, BoxRec рейтингінде бірінші орта салмақ бойынша бірден 434 сатыға жоғарылады. Соңғы кездесуінің алдында қазақстандық 929-шы орында тұрған болатын. Қазір ол 495-ші орында.

Сонымен қатар бокстағы рейтингін қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы Нұрзат Сабыров (5-0, 5 КО) та көтерді. Ол мексикалық Роландо Паредесті жеңіп (13-7-2, 10 КО), төрешілердің бірауыздан дауыс беруімен 194-ші орыннан, 143-ші орынға көтерілді.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО) 7-ші раундта аргентиналық Хонатан Хосе Энисті (20-10-1, 7 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, BoxRec рейтингінде жартылай орта салмақта 48-ші орыннан 33-ші орынға жоғарылады.

Соңғы жаңалықтар