Қазақстандық боксшы жастар арасындағы Азия чемпионатында техникасы ең мықты спортшы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Елнұр Сүйінбай Дубайда (БАӘ) өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында техникасы ең мықты спортшы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Сүйінбай ақтық айқаста үндістандық Ваншаджбен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңімпаз атанды.

Қазақстанның ерлер арасындағы жастар құрамасы (2003-2004жж.) біріншілікте 12 медаль жеңіп алды: сегіз алтын, екі күміс және екі қола.

Медаль саны бойынша екінші орында Өзбекстан – оларда жеті медаль бар (үш алтын, үш күміс және бір қола). Үшінші орында Үндістан тоғыз медальмен (екі алтын, үш күміс және төрт қола) тұр.


Соңғы жаңалықтар