Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшыЖәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) әлеуметтік желілерде тағы бір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемге жаңа чемпион, жаңадан көретін боксшы керек!» деді боксшы твиттердегі парақшасында.

Бұған дейін Әлімханұлы орташа дивизиондағы басқа чемпиондар: Джермалл Чарло, Сауль «Канело» Альварес жәнен Деметриус Андрадеге бірнеше рет үндеу жіберген.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы WBO Global нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион атағына ие. Соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізген – ол кезде Аргентина боксшысы Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) нокаутқа жіберген.


Соңғы жаңалықтар