Қазақстандық боксшы WBO рейтингінің үздік бестігіне енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) 2021 жылғы барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингтердің соңғы нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Назарларыңызға Қазақстан боксшыларының ұстанымдарын ұсынамыз:

Екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы алтыншы орыннан бесінші орынға көтерілді. Бұл дивизиондағы ТОП-3 британдық Зак Паркер, АҚШ-тан келген Дэвид Бенавидес және канадалық боксшы Дэвид Лемье. WBO әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске тиесілі. Орта санатта Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Хайма Мунгиядан кейін екінші орында қалды. Үшіншісі-Бразилиялық Эскива Фалькао. Қанат Ислам бесінші орыннан сегізінші орынға сырғыды. WBO әлем чемпионы - АҚШ-тан келген Деметриус Андраде.

15-орынға табан тіреген боксшы Сұлтан Зәуірбек 14-орынға тұрақтады. Алғашқы үштікті Ұлыбританиядан келген Арчи Шарп, тәжік Мухаммадхужа Якубов пен АҚШ-тан Абрахам Новай құрады. Әлем чемпионы – АҚШ-тың тағы бір боксшысы Шакур Стивенсон.



Соңғы жаңалықтар