Қазақстандық боксшы үшінші қарсыласын да нокаутпен жеңді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Виктор Темеров (2-0, 2 КО) кәсіби рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

22 жастағы қазақстандық Германияда өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, тәжірибелі босниялық джорнимен Милош Яньянинмен (16-40, 13 КО) кездесті.

Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа есептелген, алайда айқас ұзаққа созылмады: үшінші раундта Теміров қарсыласын нокдаунға жіберді, содан кейін төреші қазақстандық боксшының техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін тіркеді.

Осылайша Виктор Теміров кәсіби мансабында үшінші мәрте жеңіске жетті.

Ол барлығында нокаутпен жеңген.

Ал Милош Яньянин 41-ші мәрте жеңіліске ұшырады.

Теміровтың лақап аты «қасапшы» екенін айта кетейік. Бірақ неміс жанкүйерлері Викторды әйгілі отандасымен салыстырып, «жас Головкин» деп атады.

Еске сала кетейік, кеше қазақстандық екі боксшының Германиядағы айқас алдында салмақ өлшегенін хабарлаған едік.

Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар