Қазақстандық боксшы ТМД чемпионы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәскеуде өткен титулдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Ғалым Шағатай ресейлік қарсыласын нокаутқа жіберді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазақстанның кәсіпқой боксына» сілтеме жасап хабарлайды.

Ғалым Шағатай жекпе-жектің екінші кезеңінде ресейлік Александр Салтыковты нокаутқа жіберіп, бірінші орта салмақтағы ProBox нұсқасы бойынша ТМД чемпионы атанды.

Еске салсақ, 21 жастағы кәсіпқой боксшы Мәскеуде титулды жекпе-жек өткізетіндігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Ол осы күнге дейін кәсіпқой рингте 3 жекпе-жек өткізіп, үш қарсыласын да нокаутпен жеңген.



Соңғы жаңалықтар