Қазақстандық боксшы титулдық жекпе-жек өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы Facebook-тегі ресми парақшасында қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың келесі айқасы туралы жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов келесі айқасын Монреалда, Канадада өткізеді. Бұл бокс кеші келесі жылдың 26 қаңтарында өтеді. Қазақстандықтың қарсыласы әзірге белгісіз, бірақ ол WBC «жастар» чемпионы титулы үшін күш сынамақ.

Еске салайық, 20 жастағы Ахмедов кәсіби рингте сәуірде дебют жасаған. Содан бері алты жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. 

Соңғы жаңалықтар