Қазақстандық боксшы тәжірибелі қарсыласынан басым түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев (7-0, 6 КО) кәсіпқой рингтегі сегізінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол Голливудтағы (АҚШ, Калифорния штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino ойын-сауық кешенінде өткен бокс кешіне қатысты.

Тұрсынғалиевтің қарсыласы - 37 жастағы тәжірибелі колумбиялық боксшы Дейви Хулио Басса (20-5, 12 КО) болатын. Он раундқа созылған кездесуде төрешілер бірауыздан Мұсаны жеңімпаз деп таныды.

Қазақстандық спортшы осылайша кәсіпқой алаңдағы сегізінші жеңісіне қол жеткізсе, оның қарсыласы алтыншы рет жеңіліске ұшырап отыр. 

Айта кетейік, бұл - Тұрсынғалиевтің АҚШ-тағы екінші жекпе-жегі. Бұған дейінгі айқаста ол доминикандық Луис Инохосаны (31-15, 18 КО) тізе бүктіріп, жартылай жеңіл салмақта бос тұрған IBF «жастар» белбеуі мен WBA NABA титулын иеленген болатын.

Соңғы жаңалықтар