Қазақстандық боксшы Руслан Мырсатаев ешқашан жеңіліп көрмеген Майк Бологунмен айқасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Руслан Мырсатаевтың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған бокс кешіндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Руслан Мырсатаев АҚШ боксшысы Майк Бологунмен қолғап түйістіретін болады. Майк Бологун кәсіби мансабында 11 кездесуінің 8-ін нокаутпен аяқтаған және бірде-бір рет жеңіліп көрмеген», - деп хабарлады Qazaq promotions компаниясының баспасөз қызметі.

Дегенмен, америкалық боксшы үшін 9 қыркүйектегі кездесу оның АҚШ аумағынан тыс өткізетін алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Руслан Мырсатаев халықаралық спорт шебері, Олимпиада ойындарының ширек финалисі. «Астана Арланстың» бес маусымында сынға түскен спортшы өзін жақсы қырынан танытып үлгерді. Кәсіби рингте үш кездесу өткізіп,  бәрінде де басым түсті. Атақты ауыр салмақтағы боксшы Олег Ковальчуктің қол астында жаттығып жатыр.

Соңғы жаңалықтар