Қазақстандық боксшы ресейлік қарсыласын 74 секундта нокаутқа жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 жастағы қазақстандық боксшы Ғалым Шағатай (2-0) Мәскеуде өткен жекпе-жегінде жергілікті спортшы Дмитрий Рахмановты (0-1) жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы оппонентін бұрышқа қысып, соққының астына алған. Бұдан кейін төреші айқасты тоқтатуға мәжбүр болған. Осылайша, Ғ.Шағатай кездесу басталған 74-інші секундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл оның кәсіби рингтегі үшінші жеңісі. Ол биылғы ақпан айында Ақтөбеде өткен кеште отандасымыз Бекзат Тампиевтен, маусымда Мәскеуде Владислав Яковлевтен айласын асырған болатын.

Ғалым Tukeshov Boxing промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған.

Соңғы жаңалықтар