Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (6-0, 5 КО) кәсіби рингтегі жетінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Біздің отандасымыз Лос-Анджелесте мексикалық Хосуэ Обандомен (16-20-1, 12 КО) айқасты. Нұрсұлтанов алтыншы раундта қарсыласын техникалық нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Айқас «QAZSPORT» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Еске салайық, бұдан бұрын бұл кеште Қанат Ислам мексикалық Фернандо Каркамомен (23-8 18 КО) айқасуы тиіс болған. Алайда, жекпе-жек «Қазақтың» жарақат алып, ауруханаға түсіп қалуына байланысты тоқтатылды. Кейін осы кеште Исламның орнына Нұрсұлтанов рингке шықты.

Соңғы жаңалықтар