Қазақстандық боксшы қыз халықаралық турнирде топ жарды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық былғары қолғап шебері Дина Жоламан Сербияда өткен халықаралық турнирде топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлағандай, жарысқа 20 елден 144 спортшы қатысқан.

Қазақстан құрамасы сапында ересектер мен жастар және жасөспірімдер қатысты. Оның ішінде ақмолалық боксшы қыздар Дина Жоламан мен Мөлдір Базарбаева жақсы өнер көрсетті.null

«54 келі салмақтағылар арасында Дина француздық Синтии Ловержонды төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, турнир чемпионы атанды. Ал 81 келі салмақтағылар арасында сынға түскен Мөлдір Базарбаева қола жүлдеге ие болды», - дейді Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Махаббат Большина.

nullВедомство келтірген мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның әйелдер құрамасы қоржынға 11 медаль (5 алтын, 1 күміс және 5 қола) салып, жалпы командалық есепте бірінші орын иеленді. Ал, екінші және үшінші орындарды Ресей және Сербия құрамалары өзара бөлісті.

Осыған дейін, жастар мен жасөспірімдердің арасында қыздар командалары жалпы командалық есепте бірінші орын алып, турнирдің Супер кубогының иегері атанды.null

Соңғы жаңалықтар