+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қазақстандық боксшы қыз Франция чемпионын нокаутқа түсірді

2021 жылғы 16 сәуір 09:18
Бөлісіңіз:
Қазақстандық боксшы қыз Франция чемпионын нокаутқа түсірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Айшагүл Елеубаева Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Айшагүл өзінің француз қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Александр Винокуров Олимпиада күніне арналған велошеруді бастады Ауыр салмақтағы нокаутер Иван Дычконың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды Футболдан Еуропа чемпионаты: Англия мен Шотландия тең түсті

1/8 финалында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елеубаева жасөспірімдер арасындағы Франция чемпионы Зое Куверсельмен кездесіп, оған айқасуға еш мүмкіндік қалдырмады. Жекпе-жек барысында Айшагүл төрт рет қарсыласын нокдаунға жіберді, төртіншісінен кейін төреші қазақстандық боксшының мерзімінен бұрын жеңгенін хабарлады.

Осылайша Айшагүл Елубаева 2021 жылғы Жастар арасындағы ӘЧ-да ширек финалға шықты. Сондай-ақ бұл турнирге Қазақстан қыздар құрамасынан Арайлым Марат (48 келі), Гүлнар Тұрапбай (51 келі), Назерке Серік (51 келі), Жұлдыз Шаяхметова (60 келі), Милана Аюпова (64 келі), Жасмин Қизатова (69 келі), Дана Дидай (75 келі), Әсел Сағатова (81 келі) және Елдана Тәліпова (+81 келі) жолдама алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT